Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің бүлдіршінге қатыгездік танытқан бейнежазбасы тарады. Threads платформасында баланың анасы жариялаған видеода тәрбиешінің балаға дөрекілік танытқаны анық көрінеді.
Бала ерекше күтімді қажет етеді. Анасының айтуынша, тәрбиеші оны ұрып-соғып, тіл тигізген және баланың адами қадір-қасиетін қорлаған. Ал бала сөйлей алмайтындықтан, жағдайды түсіндіре алмайды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін түсірілім тобы балабақшаға барды. Бірақ ішке кіре алмады. Баланы анасы бұл бейнежазбаны апта соңында есеп ретінде жөнелтетін материал ішінен тауып алған. Яғни мекеме әкімшілігі тәрбиешінің дөрекілік танытқан тұсын алып тастауды ұмытып кеткен болуы мүмкін. Баланың анасы тәрбиешіні жазаға тартуды сұраған. Алайда балабақша басшылығы қызметкердің жақын арада зейнетке шығатынын алға тартыпты.
АЛМАТЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнематериалдарды зерделеп, оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ түзету орталығы маманы мен басшылығының іс-әрекеттерін анықтап жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: