Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған алапат жарылыстан кемінде 17 адам қаза тапты. Тағы 13-і жарақат алды. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр.
Қайғылы оқиға Алиага ауданындағы Хабаш кәсіпорнында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қосалқы қазандықты көтеріп жатқан кран құлап, сұйық болат құюға арналған өндірістік пешке түскен. Салдарынан жарылыс болып, өрт шыққан. Оқиға кезінде кран маңында 200-ге жуық жұмысшы болған. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық және әкімшілік тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір қайғылы оқиғаға байланысты апатқа қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды. Тергеу олардың жауапкершілігін және еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын анықтап жатыр.
ВЕДАТ ИШЫХАН, ТҮРКИЯНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
— Алғашқы мәліметтер бойынша, жарылыс жөндеу жұмыстары кезінде құлаған құрал-жабдықтың салдарынан табиғи газ бен оттегі құбырларының үзілуінен болған. Оқиғаға байланысты бірден екі бас еңбек инспекторын тағайындадық; бұл істе салғырттық танытқандар міндетті түрде жазаланады. Қазір тексеріс мұқият жүріп жатыр. Әзірге нақты ақпарат беру ертерек. Тексеру процесі толық аяқталғаннан кейін, оның барлық нәтижесін қоғамға жария етеміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: