АИ-92 бензинінің литрі 300 теңгеге, ал дизель 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Сарапшылар осындай болжам айтып, жүргізушілерді алаңдатып қойды. Энергетика министрі Үкіметте бұған қатысты пікір білдірді. Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жанармай бағасы шектен тыс шарықтаса, Үкімет қарап отырмайды. Қымбатшылықты тежеуге қажетті тетіктердің бәрі бар. Министр елде 400 мың тоннадан астам бензин мен сонша дизель қоры барын айтты. Қазір АИ-92-нің литрі 253-271 теңге, дизель отыны 356-367 теңге аралығында сатылып жатыр.
ЕРЛАН АҚКЕНЖЕНОВ, ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
— Егер баға күрт шарықтап кетсе, мемлекет оны тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. Бізде бұған мүмкіндік беретін тетіктер бар. Мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп, жанармай қалаларға іркіліссіз жеткізіліп жатыр. Дүрбелең туғызып, соның салдарынан жанармайға сұраныс күрт артады немесе баға шарықтайды деген ешқандай негіз жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: