Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» бағытындағы автожолға алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл – өңірдегі маңызды транзиттік магистральдардың бірі. Жол шекара бекетінің бейтарап аймағына дейін толық қалпына келтірілді. Бұған дейін облыста «Омбы – Майқапшағай» халықаралық автожолындағы шекаралық өткізу пункті жаңғыртылған болатын. Онда жаңа терминал салынып, 200 жүк көлігіне арналған тұрақ жабдықталды. Сондай-ақ қозғалыс жолақтарының саны екіден алтыға дейін ұлғайтылып, пунктің өткізу қабілеті үш есеге артты. Енді Шемонаиха ауданындағы «Уба» шекаралық өткізу пунктін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.
НҰРБЕК ТЕМІРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазіргі уақытта берілген тапсырма аясында аталған өткізу пунктін қайта жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр. Жыл соңына дейін жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға ұсыну жоспарланған. Ал 2027 жылы өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
