Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай еліміздің солтүстігінде алғашқы жаңа форматтағы цифрлық кеңсе пайдалануға берілді. Жасанды интеллектімен жабдықталған орталық халыққа мемлекеттік қызмет түрлерін өз бетінше жылдам әрі оңай алуға мүмкіндік береді. Енді тұрғындарға әр мекеменің есігін қағып, кезек күтіп, уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Заманауи сервистік хаб әлемдік үздік тәжірбиелерге негізделіп жабдықталды. Азаматтар құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік, паспортты бірнеше минутта онлайн рәсімдей алады.
АРМАН КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Бұл – еліміздегі жетінші кеңсе. Алдағы уақытта тағы бірнеше өңірде ашу жоспарланып отыр. Жалпы, бүгінге дейін мұндай орталықтар арқылы 60 мыңға жуық қызмет түрі көрсетілді. Статистикаға сүйенсек, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына сирек келетін болған. Өйткені мемлекеттік қызметтерді үйде, кеңседе немесе басқа да жерде отырып, өз бетінше алу мүмкіндігі артып келеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
