ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА
Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Екі қыз бала 13-қабаттан жұмбақ жағдайда құлап, көз жұмды. Жасөспірімдердің мұндай көзсіз әрекетке баруына не себеп? Тәртіп сақшылары осы мәселенің түйінін тарқату үшін қылмыстық іс қозғады.
ДӨРЕКІ ТӘРБИЕШІ
Дөрекі тәрбиешілер бүлдіршіндерді қашанғы басынады? Алматыда жеке балабақшада тағы бір бассыздықтың беті ашылды. Тәрбиеші ерекше балаға дөрекілік көрсетіп, жұлқылаған. Қызметкерлер ата-анаға кезекті бейне есеп жіберу кезінде дәл осы әрекетті өшіруді ұмытып кетсе керек.
ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС
Түркиядағы металл зауытында болған жойқын жарылысқа қатысты алты күдікті ұсталды. Төтенше жағдай салдарынан 17 адам мерт болып, ондаған жұмысшы жарақат алды. Билік кінәлілерді қатаң жазаға тартатынын мәлімдеді. Жауаптыларды табу үшін шұғыл тергеу басталды.
АВТОРБУС СҰРАЙДЫ
Білім – инемен құдық қазғандай. Бірақ, қазіргі дамыған заманда бір ауылдан екінші елдімекенге қатынап оқитын оқушы бар дегенге сенесіз бе? Шымкент шаһарына қарасты Қазығұрт ауданында бір топ ата-ана оқушы таситын автобусқа зар болып жүр. Аудан билігі мәселені шешуге неге құлықсыз?
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ
«Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып». «Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында дүйім жұртқа осындай ой айтты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
