Жамбыл облысында оқушылар арасындағы бопсалау және үш жасөспірімді өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеу аяқталды.
Оқиға Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында болған. Мектеп оқушылары арасында «Система» деп аталатын бейресми топ құрылғаны анықталды. Оның өз иерархиясы, тәртібі мен жазалау тәсілдері болған. Прокуратура мәліметінше, бопсалау фактілері мен үш жасөспірімнің өлімі арасында байланыс бар. Екі күдіктіге бопсалау және суицидке дейін жеткізу баптары бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Тағы бес адам бопсалау бойынша күдікке ілінді. Қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.
БЕРІК ТӨЛЕУОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА 1-БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Нәтижесінде, 2 күдікті қылмыстық кодекстің 194-бабы «Қорқытып алу» және 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша айып тағылып, екеуі де күзетпен қамауға алынды. Тағы 5 күдікті әрекеттері қылмыстық кодекстің 194 бабы бойынша бопсалаумен сараланып оларға өзге бұлтартпау шаралары қолданылды. Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: