Болгарияда ірі жол апатынан 11 адам қаза тауып, 51-і жарақат алды. Қайғылы оқиға «Тракия» автомагистралінде, Зимница елді мекені маңында болған. Қалың тұман салдарынан жолдың екі бағытында жаппай 86 көлік соқтығысты. Оның 63-і Бургас, ал 23-і София бағытына бет алған. Қаза тапқандардың 10-ы оқиға орнында көз жұмса, тағы 1 адам ауруханада қайтыс болды. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Бүгін Болгарияда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
РУМЕН РАДЕВ, БОЛГАРИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
— Ең алдымен, «Тракия» автомагистралінде болған алапат жол апатынан қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ұшақ қонған бойда министр Демерджиевке үкіметтік ұшақпен Бургасқа барып, зардап шеккендерді София ауруханаларына жеткізуді тапсырдым. Екі «Спартан» ұшағы зембілдермен және медициналық бригадалармен бірге Бургас әуежайына қонды. Біз Сливен, Ямбол және Бургас қалаларындағы зардап шеккендерді София ауруханаларына жеткізуге толық дайынбыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
