Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді деп жоспарланған.
Ауқымды шараға Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев та қатысады. Ол үшін Мемлекет басшысы Мәскеуге арнайы барды. Президентті әуежайдан Ресей Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
Жиында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік ахуалы, ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайту мәселелері қаралады. Нәтижесінде 2030 жылға дейінгі терроризмге қарсы стратегия мен қорытынды декларацияға қол қойылуы тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
