Еуропалық одақтың тоғыз еліндегі супермаркеттердің тоңазытқыштарына жасалған соңғы кибершабуылдардан кейін хакерлердің келесі нысанасы үйдегі тұрмыстық техника болуы мүмкін.
Киберқауіпсіздік агенттігінің басшысы Юхан Лепассар цифрлық технологияларға байланысты кез келген құрылғы мен қызмет бұзылу қаупіне ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, жасанды интеллект хакерлердің мүмкіндігін арттырып отыр. Дегенмен ол киберқауіпсіздік мамандарына да жүйелердегі осал тұстарды жылдам анықтап, оларды қорғауға көмектеседі. ENISA мамандары аталған салада білікті кадрлардың жетіспейтінін де мәлімдеді. Осыған байланысты Еуропалық одақ елдерін мамандар даярлау бағдарламаларын күшейтуге шақырды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
