«Нұрлы жол» теміржол вокзалынан алғашқы Stadler вагондары тіркелген пойыз жолға шықты. Оны отандық мамандар құрастырған. Жайлы теміржол көлігі Астанадан Алматыға аттанды.
Вагон іші кең, ал сөрелерінің ұзындығы екі метрге созылған. Купеде 40, плацкартта 56 адамға орын бар. Әр жолаушыға жеке розетка, USB порт орнатылған. Жарықпен де қамтылған. Ауаны баптау жүйесі де жаңартылған. Жаңа пойыз сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Бейнебақылау және түтін датчигі бар. «Мүгедектігі бар жолушыға да жағдай жасалған», — дейді мамандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
