Оңтүстік Кореяда 33 көлік соқтығысып, 50-ден аса адам зардап шекті. Сеулдің оңтүстігіндегі Соннам қаласында таңғы қарбалас уақытта жолаушылар автобусы бағдаршамның алдында 30-дан астам көлікті соққан. Салдарынан 57 адам зардап шекті.
Алдын ала мәлімет бойынша, 60 жастан асқан ер адам тізгіндеген қалалық автобус төрт автобус, жүк көлігі және 27 жеңіл автомобильмен соқтығысқан. Кейін қоршауға соғылып тоқтаған. Жүргізуші мас болмаған. Ол полицияға автобустың тежегіші істен шыққанын айтқан. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, жүргізуші тексеріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
