Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жұмыс істеген жылдар ішінде түрлі бағыттағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасаудың мол тәжірибесі жинақталды. Айтарлықтай ауқымды нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Сондай-ақ қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес тетіктері жолға қойылды. «Оның ішінде ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылып, жұмыс істеп келеді», — дейді қазақстандық сарапшы.
ДИДАР ТЕБАЕВ, САРАПШЫ:
— Менің ойымша, Қазақстан бұл бағытта дәйекті саясат ұстанып, заманауи қауіп-қатерлерге, соның ішінде ақпараттық сын-қатерлерге дер кезінде ден қойып келеді. Әсіресе технологиялардың дамуы мен жасанды интеллектінің енгізілуін ескерсек, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы бірізді әрекет ету саясатын қалыптастыру маңызды. Меніңше, бұл мәселеде мемлекеттер арасында өзара түсіністік пен сенім бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
