Екібастұз қаласының бір топ студенті жасанды интеллект негізінде арнайы цифрлық платформа әзірледі. Жүйе ағаш отырғызуға қолайлы аумақтарды анықтап, қалалық ортаның ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ жергілікті климат пен табиғи жағдайларға сәйкес келетін өсімдіктерді таңдауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, платформа көгалдандыру жұмыстарының шығындарын есептеп, GPS арқылы суару машиналарының қозғалыс бағыттарын бақылайды. Жаңа технология ағаш отырғызуды жоспарлаудан бастап, жасыл желектерге күтім жасауды қадағалауға дейінгі процесті біріктіреді. Жоба Pavlodar Hackathon Fest байқауында топ жарды.
МАКСИМ ЧЕРНУЦКИЙ, «PAVLODAR SMART GREEN» ЖОБАСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 15 миллион ағаш отырғызу туралы айтқан болатын. Біз осы іске қалай үлес қоса алатынымызды ойладық. Сөйтіп, алдымен ағаштарды суару процесін бақылау жүйесін жасадық. Сонымен қатар жаңадан отырғызылған әрбір ағашқа цифрлық паспорт жасаймыз. Онда ағашты кім отырғызғаны, кім суаратыны және оның күтіміне кім жауапты екені туралы толық ақпарат көрсетіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
