«Әділет» партиясының жастар қанаты «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясын жалғастырып жатыр. Бастамаға еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан 2 мыңнан астам белсенді қатысты. Жастар тарихи ескерткіштер мен қоғамдық орындарды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Семейде Орталық саябақтағы ескерткіштер мен орындықтардағы жазулар өшірілсе, Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев атындағы саябақ тазартылды. Ал Орал мен Павлодарда тарихи ескерткіштердің аумағы ретке келтірілді. Жалпы, акция басталғалы бері 6 мыңнан астам жас 100-ге жуық тарихи нысан мен ескерткішті тазалауға атсалысқан. Игі бастама еліміздің барлық өңірінде жалғасады.
МЕРЕЙ САПАРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
— Бұл ескерткіш – қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдарында қаза тапқан азаматтарды еске алатын тағылымды орын. Ол халқымыз бастан өткерген қасіретті ұмытпауға, тарихтан сабақ алуға үндейді. Сондықтан мұндай орындардың тазалығы мен сақталуына бейжай қарамауымыз керек. Біз ескерткіштің аумағын ретке келтіріп қана қоймай, тарихи жадымызға құрмет көрсеткіміз келеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: