Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт суытады. Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта ауа температурасы 16 градусқа дейін төмендейді. Кей аймақтарда қарлы боран соғып, екпінді жел тұрады. Әсіресе оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ орнайды. Ал шығыста жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Дегенмен батыс, солтүстік және орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды. Ауа райының күрт құбылуы әсіресе жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпті. Сондықтан мамандар сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
