СУАҒАР БІТЕЛДІ МЕ?
Шымкентте үздіксіз жаңбыр жауып, көшелер суға толды. Ал Алматыда метро станциясына су кіріп, жолаушылар әбігерге түсті. Еліміздегі ең ірі мегаполистердегі суағар жүйесі неге дұрыс жұмыс істемейді?

ҒЫЛЫМДАҒЫ КЕМШІЛІК
Ғылымға бөлінген миллиардтар игерілгенімен, нәтиже көңіл көншітпейді. Жоғары аудиторлық палатасы Құрылтайда ғылымға бөлінген қаржыны тексеру нәтижесін жариялады. Мемлекеттік аудит 51 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалғанын мәлімдеді.

86 КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ
Болгарияда ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Тағы 51 жолаушы жарақат алды. Қайғылы оқиға «Тракия» автомагистралінде тіркелді. Зимница елді мекені маңында 86 көлік соқтығысып қалған.

ХАКЕРДЕН ҚОРҚАДЫ
Еуропа хакерлерден қорқа бастады. Мамандар енді елдегі тұрмыстық техникаға кибершабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертеді. Бұған супермаркеттердегі тоңазытқыштарға жасалған соңғы шабуыл себеп.

«STADLER» ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
«Астана-Алматы» бағытында алғашқы «Stadler» жолушылар пойызы сапарға аттанды. Замануи вагондарды отандық мамандар құрастырған. Сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүйткитін жаңа пойыз тағы несімен ерекше?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: