Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ерлан Орыншиев ұсталды. Ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН, ТІЛШІ:
— Таңертең бұл жердегі көрініс киноға бергісіз болғанға ұқсайды. «Атлант-6» тұрғын үй кешенінің маңынан шашылып жатқан чемодандар мен доллар ақша байқалған. Жақын маңдағы құрылысқа келген жұмысшылардың айтуынша, таңғы жеті жарымдарда доллар жерде кілемдей төселіп жатқан. «Айнала полиция мен арнайы қызмет мамандары жүрді», — дейді куәгерлер.
Қазір үйдің ауласы тазартылған, бір доллар да жатқан жоқ. Аспаннан жауған ақша кімдікі екені белгісіз. Белгілісі, бүгін Астанада ірі ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ерлан Орыншиевті және тағы бірнеше адамды ұстаған. Олар пара алды деген күдікке ілінген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

