«Қыздар.нет» сайты арқылы жезөкшелік қызметті жарнамалаған әйел бүгін Грузиядан Қазақстанға жеткізілді. Өзбекстан азаматы трансұлттық қылмыстық топтың құрамында болып, жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінген. Бас прокуратураның хабарлауынша, ол сайтқа сексуалдық қызмет ұсынатын әйелдердің анкетасын жариялап, таратуға көмектескен. Қылмыстық топтың бірқатар мүшесі ұсталып, сотталғанымен, күдікті шетелге қашып, ізін суытқан. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Биыл шілдеде Грузияда қолға түскен әйел Бас прокуратураның сұрауымен елге экстрадицияланды. Енді тергеу изоляторында отыр. Айыбы дәлелденсе, дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін сотталады.
ЕРЛАН ЖАНПЕЙІСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тергеу барысында аталған азаматша ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да мүшелерімен бірге жезөкшелікпен айналысатын және өзге де сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсететін тұлғалардан «Қыздар.нет» интернет-ресурсында орналастырылған анкеталарының шотын толтыруға өтінімдер қабылдап, олардың сексуалдық қызметтерді ілгерілету және жарнамалау мақсатында жүзеге асырғаны анықталған. Топ мүшелері түскен қаражаттан комиссия ұстап қалып, қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша, жеңгетайлық схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: