Күн суытса да, Ақтау халқы жылуға жарымай, 4 бірдей шағын ауданның тұрғындары пәтерлерінде бүрсең қағып отыр. Тіпті кей үй күні бойы жылусыз отырса, екіншілері қысымның аздығына шағымданды. Жауапты мекеме басшыларының жауабына қарасақ, қала алдағы қысқа дайын болмаған сияқты. Өйткені «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, қаладағы жылу желілеріне жүргізілген гидравликалық сынақ кезінде 39 ақау анықталды. Жылу тасығыш толтырылып, жүйе айналым режиміне қосылғаннан кейін тағы 172 кемшілік табылған. Кәсіпорын бәрін қалпына келтірдік деп отыр. Сонымен қатар қаладағы иесіз және теңгерімге берілмеген жылу желілерінде де кемшілік бар болып шықты.
«КАСПИЙ ЖЫЛУ, СУ АРНАСЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Бұл желі «Каспий жылу, су арнасы» МКК теңгерімінде жоқ. Кәсіпорынның белгіленген аймағына кірмейді. Соған қарамастан, кепілдік міндеттемелері аясында және тұрғындарды жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында бұл учаскелерде де жөндеу-қалпына келтіру және реттеу жұмысы жүргізіліп жатыр».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: