Мектепке баса-көктеп кіріп, оқушылардың зәресін алған. Қаскелеңде бейтаныс ер адам білім ордасының терезесін сындырып, сыныпқа секіріп кірген.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан балалардың жанұшыра айқайлаған дауысы анық естіледі. Кадрларда жартылай жалаңаш ер адамның мектеп ауласында жүгіріп жүргені көрінеді. Бір сәтте ол терезені сындырып, сынып ішіне басып кіреді. Мектеп қызметкерлері ер адамды тоқтатуға тырысқан. Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тергеуді бастады.
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Күдікті ұсталып, изоляторға қамалды. Оқушылар мен мұғалімдер зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында күдіктінің психикалық денсаулығына тиісті тексеру жүргізіледі».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

