Күйеуін пышақтап өлтірді деп айыпталған Лидья Шлегель бостандыққа шықты. Текелі қаласында осы іске қатысты сот үкімі жарияланды. Сот әйелдің он жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін ескерді. Қорғау тарапы толық ақтауды сұраса, айыптаушы 9 жыл түрмеде жазасын өтеуін талап етті. Нәтижесінде, сот оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда жаңа заңмен рақымшылық қолданылып, жазадан босатылды. Бес айға жуық уақыт қамауда болған Лидья Шлегель сот залынан еркіндікке шықты.
Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылы Текелі қаласында болған. Ерлі-зайыптылар түнде бірге ішімдік ішіп, кейін жанжалдасып қалған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен әйеліне қол көтерген. Артынша келіншек асүй пышағымен күйеуінің мойын тұсына жарақат салған. Ауыр жарақат алған 45 жастағы азамат ауруханаға жетпей көз жұмды.
ТАЛҒАТ ЖАНБОЛАТ, АДВОКАТ:
— Сот тергеуі екі ай мерзімде өтті. 10 жыл бойы зәбір көргенін дәлелдеу үшін құжаттарды бердік. Айыптау тарапы 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған, алайда біз толық ақтауды сұрадық. Қазір сот әділ шешім қабылдады деп есептеймін. Жаңа заңға сәйкес рақымшылық беріп сот залынан босатты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: