Ақтөбеде балаларды тонаған екі студент қамалды. Күдіктілер жәбірленушілерге күш көрсету арқылы қорқытып, ұялы телефондары мен киімдерін тартып алған. Оқиға саябақтардың бірінде болғаны анықталды. Алайда кәмелетке толмаған балалар түн қата далада неге жүргені түсініксіз. Күдіктілердің Ақтөбе қаласының 16 жастағы тұрғындары екені анықталды. Екеуі де жергілікті колледжде білім алады. Олар кінәсін мойындады.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Қазіргі таңда тонау дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған баптың санкциясы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: