Алматыда «Білім берудегі шахмат» атты төртінші халықаралық конференция өтіп жатыр. Қазір Қазақстандағы 2,5 мың мектепте шахмат пәні оқытылады. Оған бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі 133 мың оқушы қатысады. Ал балаларға сабақ беруге 6 мыңға жуық педагог дайындалған.
Жиынға шетелдік сарапшылар да келіп, мектептегі шахмат қозғалысының жетістіктері мен оны одан әрі дамыту жолдарын талқылап жатыр. Конференцияға Сирия, Каталония, Уганда, Пәкістан өкілдерімен қатар, АҚШ пен Ұлыбритания мамандары қатысуда. Олар шахматтың балалардың логикалық ойлауын, зейінін және математикалық қабілетін дамытудағы рөлі туралы тәжірибесімен бөліседі. Бағдарлама аясында шеберлік сабақтары мен білім беру жобаларының таныстырылымы да жоспарланған. Халықаралық конференция 13 қарашаға дейін жалғасады.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Конференцияға зерттеушілер, халықаралық сарапшылар қатысып жатыр. Мәселен, Сирия шахмат федерациясының президенті Әли Абаз, Уганда шахмат федерациясының президенті Эндрю, Каталон шахмат федерациясының президенті Рамон, сонымен қатар Пәкістанның бас хатшысы Раджа мырзалар келіп, біздің конференциямызды қолдап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: