ДОЛЛАР ЖАУҒАН КҮН
Аспаннан доллар жауған күн. Астанадағы тұрғын үйдің бірінде ақша салынған чемодан жоғарыдан тасталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі бірдей топ менеджерді ұстағанын растады. Ал куәгерлер не дейді?

МЕКТЕПТЕГІ СҰМДЫҚ
Қаскелеңдегі мектепке жартылай жалаңаш ер адам басып кіріп, шу шығарды. Терезені сындырып, оқушы мен мұғалімнің сабағын бұзған кім? Полиция бұзақыны ұстап, психологиялық жағдайын тексеруге жіберді.

ҚАУІПСІЗ ЕЛ
Миллиардтар желге ұшты ма? Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз ел» жобасымен салынуы тиіс 12 шекара бекеті неге әлі күнге дейін бос тұр? Қыруар қаржы бөлінсе де, әскери қалашық қолданысқа берілмеген.

ЖҰМБАҚ ТРОТУАР
Екі аптаға шыдамаған жол. Шымкенттіктер көшедегі жаңа салынған жолмен жүруге жүрексініп қалды. Аяқ астынан опырылып, ойыққа түскен бойжеткен көрген-білгенін айтты. Бұл сапасыз жұмыс па әлде тосын оқиға ма?

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!
Қар мен көктайғақ. Еліміздің 11 облысында жүргізушілерге ескерту жасалды. Республикалық маңызы бар жолда жазғы дөңгелекпен шыққан 800-ге жуық көлік кері қайтарылды. Қай облыста қозғалыс шектелуі мүмкін?
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: