«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына байланысты Президент мемлекеттің ұстанымын жариялайды.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді. Көлік-логистика саласының дамуына арналған жиында ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі мен олардың жұмысының ашықтығына да ерекше назар аударылады.
Еске салайық, кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Елжас Отынышиевті және өзге де тұлғаларды ұстаған. Істің өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

