Ақтөбеде тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада жарылды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады.
Соққының қатты болғаны сонша, ғимаратқа жапсарлас салынған бөлік опырылып, артынша өрт шыққан. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Видеодан ғимарат үстінен будақтаған түтінді алыстан да көруге болады. Айналадағы көлік те зақымданды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған.
Құтқару жұмыстарына 40-тан астам маман мен арнайы техника жұмылдырылған. Қаза тапқандар жоқ. Қазір жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

