Ақмола облысында екі бірдей жол апаты болып, жеті көлік соқтығысты. Әуелі жеңіл көлік мал тасымалдап келе жатқан жүк көлігімен соғылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.
Ал екінші апатта бес автокөлік бірінен соң бірі түйісті. Алдымен, Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қоршауына барып ұрылған. Артынан келе жатқан тағы төрт көлік те тоқтай алмай, бір-біріне соғылды. Салдарынан Volkswagen жолаушысы жарақат алды. Ол көліктен шыққан кезде басқа машинаның астына түскен.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ПД БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Екінші жол апаты 115-шақырымда Volkswagen Passat және Range Rover көліктерінің қатысуымен болды. Салдарынан Volkswagen Passat жолаушысы дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғалар бойынша тиісті шаралар қабылданып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

