Түркияның Малатья провинциясында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт әскери қызметкер қаза тапты.
S-70 үлгісіндегі тікұшақтың апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз. Елдің Қорғаныс министрлігі әуе кемесінің қалдықтары табылғанын және іздестіру-құтқару жұмыстары дереу басталғанын хабарлады. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ құлаған аумақтағы үй де өртенген. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: