Астанада антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр. Арнайы күш құрылымдары дабыл бойынша әрекет ету дайындығын пысықтайды. Осыған байланысты Қарқаралы тасжолы маңында көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Оқу-жаттығудың мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда құқық қорғау және арнайы органдардың қаншалықты жедел әрекет ететінін тексеру. Оперативтік штаб қала тұрғындарын сабыр сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындап және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: