Вашингтонда Ақ үйден небәрі бір жарым шақырым жерде атыс болды.
Оқиға қаладағы танымал Логан-Серкл ауданындағы элиталық фитнес-клубта тіркелді. Куәгерлердің айтуынша, оқ атылғанда келушінің бірі еденге құлаған ер адамға көмектеспек болған. Алайда, ол қансырап жатқандықтан, айналасындағылар оның көз жұмғанын түсінген. Осыдан кейін клубтағы адамдар жаппай сыртқа қашқан. Ал шабуыл жасаған адам ғимарат ішінде қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде бір адам қаза тауып, тағы төрт адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ДЖЕЙМС СПЕЛМАН, КУӘГЕР:
— Біз екі рет оқ атылғанын естідік. Содан кейін бір ер адам еденге құлаған кісіге қарай жүгіріп барды. Әлгі адам оның қайтыс болғанын айтты. Қорыққаннан сыртқа қарай жүгірдік. Бір-екі секундтан кейін спорт залдан бір кварталдай жерде, 15-көшенің бойынан тағы да оқ дауысы естілді. Содан кейін бәріміз жан-жаққа қаша жөнелдік.
ДЖЕФФРИ КЭРРОЛЛ, ПОЛИЦИЯ БАСШЫСЫ:
— Күдікті жетінші қабаттағы пәтерге бекініп алған. Келіссөз кезінде ол газ құбырын зақымдап, өрт шығарды. Ақыры күдікті өзін атып тастағаны белгілі болды. Оқиға орнынан үш қару – шолақ мылтық, винтовка және тапанша табылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

