Мексикалықтар қазақша ән шырқады.
Мексиканың Мерида қаласында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «DIMENSIONS» атты ауқымды әлемдік турнесі өтті. Концерт барысында әнші орындаған әуеннің біріне жиналған мыңдаған жанкүйер қосылып, стадион толығымен қазақ тілінде ән шырқады. Бұл шоу жергілікті тұрғындар үшін үлкен мәдени жаңалыққа айналып, Мексикада алғаш рет ұйымдастырылды.
Концерт әсерлі атмосферада өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдарманның ерекше ықыласына бөленді. Осылайша, қазақ өнері мен мәдениеті тағы да халықаралық аренада биіктен көрініп, жаңа белесті бағындырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: