Ақмола облысындағы тасжолда 15 жаңа шетелдік автокөлік тиелген екі автовоз аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы Астана – Атбасар – Жақсы тасжолының 131-шақырымында болған.Полиция департаментінің мәліметінше, FAW маркалы автовоздардың шетелдік жүргізушілері Қорғастан Ресейге қарай бағыт алып, жаңа автокөлік тасымалдаған. Жолда көктайғақ салдарынан бірінші автовоздың жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан ауыр жүк көліктері жолдан шығып, жол жиегіндегі орға аударылған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автовоз жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

