Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жұмыс берушілер 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастырғаны үшін мемлекеттік субсидияларды заңсыз алып келген. Қаржылық заңбұзушылықтар «Күміс жас» бағдарламасын жүзеге асыру барысында анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Бағдарлама аясында мемлекет жұмысшылардың еңбекақысының 70 пайызына дейін субсидиялайды. Алайда бюджет қаражаты іс жүзінде жұмыс істемейтін, тек құжат жүзінде тіркелген қызметкерлер үшін де төленгені белгілі болды. Жұмыс уақытын есепке алу табельдерінде олардың аты-жөні көрсетілгенімен, шын мәнінде еңбек міндеттерін орындамаған. Жалпы, жыл басынан бері өңірде «Күміс жас» бағдарламасы бойынша 300-ден астам адам жұмысқа орналастырылған.
ДИАС САЙРАНҚАНОВ, ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Нәтижесінде, мемлекеттік субсидиялар жұмысшылардың шынымен жұмыс істегенін дәлелдейтін құжаттарсыз-ақ аударылған. Аударылған ақшаның жалпы сомасы шамамен 4,6 миллион теңгені құрайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: