Биыл төл теңгеміздің айналымға енгеніне 33 жыл толды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанда жаңа ақша бірлігі қолданысқа енгізілді. Алғашқы банкноттар Ұлыбританияда басылып шықты. Кейін елімізде өз банкнот фабрикасы мен теңге сарайы іске қосылды. Содан бері ұлттық валюта бірнеше рет жаңарып, дизайны мен қорғаныс жүйесі жетілдірілді. Бүгінде теңге – экономикалық дербестіктің символы ғана емес, елдің тарихи және мәдени мұрасын танытатын құндылық.
Теңге тарихы 1993 жылдан басталады. 12 қарашада ұлттық валютаны енгізу туралы Президент Жарлығы шықты. Ал үш күннен кейін төл ақшамыз ресми түрде айналымға енді. Алғашқы банкноттар Ұлыбританияда басылып шығарылды. 1995 жылы Алматыда Банкнот фабрикасы ашылып, Өскеменде теңге сарайы іске қосылды. 2006 жылы ұлттық валютаның дизайны жаңартылды. Кейін «Қазақ Елі» сериясы айналымға шықты. Ал 2024 жылдан бастап «Сақ стилі» үлгісіндегі жаңа банкноттар кезең-кезеңімен енгізіле бастады. 2026 жылы цифрлық теңге заңды төлем құралы мәртебесін алды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

