ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ
«Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына байланысты Президент мемлекеттің ұстанымын жариялады. Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді.

ДӘМХАНАДАҒЫ ЖАРЫЛЫС
Ақтөбеде тұрғынүйдің төменгі қабатында орналасқан дәмханада газ жарылды. Үйдің бір бөлігі опырылып түсті. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Ауыр соққы алғандардың жағдайы қалай? Дәрігерлер не дейді?

МЕМЛЕКЕТТІ АЛДАМАҚ БОЛДЫ
Жұмыста жоқ, бірақ айлығы жүріп тұр. Шығыс Қазақстандағы Алтай ауданында «Күміс жас» бағдарламасын өз мүддесіне пайдаланғандар ұсталды. Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін субсидия алған. Алайда жұмысшының кейбірі аудан түгілі елде де болмаған.

БАСПАНА ДАУЫ
Петропавлда жаңа баспана алғандардың қуанышы су сепкендей басылды. 126 пәтерлі көпқабатты үйдің шатырынан су сорғалап тұр. Көшенің жарығы жоқ. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жүруге жарамсыз. Кім жауап береді?

БЕСАСПАП ИНЖЕНЕР
Су да, мұз да кедергі емес. Оралдық инженер қазақстандық бірегей аэроқайықтарды өзі құрастырып жатыр. Батысқазақстандық өнертапқыш Айбар Құспанов кәдімгі көлік жүре алмайтын жерлерден өтетін техника жасап шығарды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: