Трактор астында жаншылып, көз жұмды. Ақмола облысына қарасты Елікті ауылының маңында ауыр техника аударылып, 67 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Ауыр техника белгісіз себеппен аударылып кеткен, жүргізуші трактордың астында қалған. Оқиға орнына құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция жеткенімен, зейнеткерді аман алып қала алмады. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен өңірде күн суытып, жолды көктайғақ басқан. Соңғы күндері Щючье мен Степногорск қалаларында тағы бірнеше ірі жол апаты болып, кемінде он адам зардап шеккен.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Зеренді ауданына қарасты Елікті ауылының маңында К-700 маркалы трактор аударылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

