Ақтөбеде жарылған дәмхананың үстіндегі пәтерлерде тұрған алты отбасы үйлерін тастап, уақытша туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Соның салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі толығымен бос қалған. Он пәтердің екеуі бірінші қабатта орналасқан коммерциялық нысандар болса, тағы екеуінде ешкім тұрмаған. Қала әкімдігінің мәліметінше, жарылыстан кейін ғимаратқа айтарлықтай зақым келген. Терезелердің әйнегі сынған, есіктер жабылмайды, еденде жарықтар пайда болған. Өткен жұмада болған дәмханадағы жарылыстан кейін жалпы 13 пәтер мен төрт коммерциялық нысан бүлінгені анықталды. Қазір келтірілген шығынның сипаты мен көлемін анықтау үшін техникалық тексеру және бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі осы аптада жарияланбақ.
АҚНҰР ҚАЗБАЕВА, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Келесі этап тұрғындардың материалдық кеткен шығынын өтеуге байланысты сараптама жасалуы тиіс. Одан кейін меншік иесі оны өтеуге міндетті. Сонымен қатар ТЖҚ жарылыстың болу себебін анықтау жұмысы жүргізіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: