Лайк қуған көлік жүргізуші-блогердің әрекеті полиция бөлімінде аяқталды. Таразда камерасын қосып видео түсіріп келе жатқан жүргізуші тротуарға мініп кеткен. 20 жастағы жігіт TikTok желісіне ерекше контент түсірмек болған. Жүргіншілердің қауіпсіздігін пысқырмаған, рөлдегі жігітті тәртіп сақшылары ұстады. Креативті қадамы қай жерде жүргенін бірден анықтауға мүмкіндік берді. «Хайп» іздеген жас жігіт күткен атағының орнына, қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: