Балалар арбасымен автобусқа кіруге тыйым салынбайды. Әлеуметтік желіде шектеу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Көлік министрлігі жаңа ережеге қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, тек автобуста адам көп болса және ата-анаға отыруға бос орын табылса, арбаны бүктеп қою қажет. Бұл – өзге жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеу үшін енгізілген талап. Министрлік арбаны бүктеу ата-анаға қолайсыздық тудырса, оны жайылған күйінде алып жүруге болатынын да атап өтті. Мұндай жағдайда ата-ананы автобустан түсіру, айыппұл салу немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмағанын да нақтылады. Яғни балалар арбасымен қоғамдық көлікке мінуге болады. Ал әлеуметтік желідегі ақпарат ереженің мәнін бұрмалап, ата-аналар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған.
ӘСЕЛ ЖАНАСОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, КӨЛІК МИНИСТРІ:
— Осы мәселеге жеке өзім түсініктеме бергім келеді. Қоғамдық көлікте балалар арбасымен жүруге ешқандай тыйым салынған жоқ және салынбайды. Мүмкіндік болса, арбаны жинап қоюға болады. Ыңғайсыз болса, балаңыз ұйықтап жатса немесе арбада отырса, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, арбаны жиналмаған күйінде алып жүре аласыз. Ешкім ата-ананы кішкентай баласымен жүргені үшін арбасын жинауға немесе автобустан түсуге мәжбүрлей алмайды. Көлік министрі ретінде қоғамдық көліктің балалы отбасылар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді болуы мен үшін аса маңызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

