Мемлекет басшысының Жарлығымен Сағымбаев Ермек Алдабергенұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды. Ол бұл лауазымды 2022 жылдан бері атқарды. Өткен жұма күні Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдап, арнайы қызметтердің жыл басынан бері атқарған жұмысын талқылаған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жаңа Төрағасы болып Ирменов Марат Ғатаұллаұлы тағайындалды. Айта кетейік, Марат Ирменов бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысына қарасты департаментін басқарған. Бұл қызметке ол Қордайдағы тәртіпсіздіктен кейін барды. Бұдан бұрын Алматы қаласы департаментінің басшысы болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

