Елімізден жанармайды заңсыз алып шығудың ерекше тәсілі әшкереленді. Көліктерге қосымша бак орнатып, шекара асырмақ болғандар көбейген. Биыл полицейлер осындай 600-ге жуық деректі анықтады. Заңсыз орнатылған бактардың жалпы сыйымдылығы 160 тоннаға жуық.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндай заңбұзушылықтар әсіресе 3 өңірде жиі тіркелген. Жамбыл облысы көш бастап тұр. Мұнда 386 дерек анықталды. Түркістан облысында 119, Қостанай облысында 80 жағдай тіркелді. Жанармайды елден заңсыз шығаруға жол бермеу үшін мемлекеттік шекарадағы 48 автомобиль өткізу пунктінің маңында полиция бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

