Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. 16 қарашада ел аумағында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ бірнеше облыста жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
«Қазгидромет» мамандары Астана, Алматы және Қонаев қалаларында, сондай-ақ көптеген облыста тұман болатынын ескертті. Ал Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тайғақ болады. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарды, әсіресе көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

