Президент ҰҚК басшысын қызметінен босатқанда күштік құрылымның қателігін ескерді. Бұл туралы Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграмдағы парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, бүгін 2022 жылдың қаңтарынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы болған Ермек Сағымбаев қызметінен кетті. Оның орнына Ирменов Марат Ғатаұллаұлы тағайындалды.
Марат Ирменов бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысына қарасты департаментін басқарды. Бұдан бұрын Алматы қаласы департаментінің басшысы болды.
Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, Ермек Сағымбаевты отставкаға жіберу туралы шешімді қабылдау кезінде Мемлекет басшысы, сыбайлас жемқорлық оқиғасына қатысы бар тұлғаларды ұстауды да ескерді. «Күштік құрылымдар тарапынан қателік жіберілді. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды», — деді. Сол күні Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің командалық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Президент «Заң және Тәртіп» қағидатына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде қызметтік тәртіпті күшейтуді және полицейлердің кәсіби даярлығын арттыруды талап етті. Сондай-ақ Ержан Сәденовке қатардағы қызметкерлер мен полиция офицерлері арасында тәрбие жұмысын күшейту қажеттігі ескертілді.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ, БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: