Ақтөбеде белгілі кәсіпкерді өлтірді деген күдіктіні әлі іздеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы ер адам өз үйінде қаза тапқан. Атылған оқтан өлді деген болжам бар.
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, бетперде киген белгісіз адам жеке тұрғын үйге басып кіріп, ақша мен бағалы заттарды, сондай-ақ автокөлікті иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жарияламай отыр. Сондай-ақ тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Дегенмен әлеуметтік желілер мен кейбір пабликтерде марқұмның ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, соның ішінде жанармай құю бекеттері желісінің иесі болғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Атыс қаруынан қаза тапқан ер адамның мәйітінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауларыңызды және тек ресми ақпарат көзіне сенулеріңізді сұраймыз».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

