Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті белгісіз жағдайда көз жұмды.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде лезде тарады. Желі қолданушылары студенттер арасында төбелес болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Университет ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу орнының басшылығы отбасына материалдық және моральдық қолдау көрсетіп, тергеу амалдарына жан-жақты жәрдемдесіп жатыр.
Айта кетейік, бұл – қараша айында аталған университетте бірінші курс студентінің көз жұмуына қатысты тіркелген екінші жағдай. 6 қараша күні оқу орнының студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті де белгісіз жағдайда қаза тапқан болатын. Ол дерек бойынша да полиция қылмыстық іс қозғаған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: