Жұмыс іздеп кетіп, қайтып оралмаған. Абай облысында үш жылдан астам із-түзсіз кеткен ер адамның денесі табылды. Полиция күдіктіні анықтап, қылмысқа қатысы барын мойындатты. Марқұмның жоғалғаны туралы полицияға жұбайы арызданған. Әйелінің айтуынша, жұмысқа кеткен күйеуі мүлдеп телефонға жауап бермей қойған. Сол кезде басталған іздеу нәтиже бермесе де, тәртіп сақшылары істі тоқтатпай, түрлі нұсқаны тексерді. Күдікті қылмысын мойындап, марқұмның денесін жасырған жерді көрсеткен. Қазір тергеу аяқталып, айыптау қорытындысымен қылмыстық іс сотқа жолданды.
ШҰҒЫЛА ТҰРЛЫБЕК, ІІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта айыптау актісі бар қылмыстық іс сотқа жолданды. Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырады. Әрбір қылмысқа құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң алдында жауап беруі тиіс. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

