Балабақшаларда балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың басым бөлігі жекеменшік мекемелерде тіркелген. Соңғы екі жылда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 42 резонансты оқиға анықталса, соның 37-сі жекеменшік балабақшада болған. Осы 37 жағдайдың 36-сында бүлдіршіндер өз тәрбиешісінен зәбір көрген. Бұл деректерді Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі жариялады. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмі бекітілген. Бүлдіршіндерге қатысты оқиғаларға көз жұма қарағаны үшін 135 балабақша басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
— Қазір Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-1-бабында балаларға қатысты құқықбұзушылық туралы белгілі болған жағдайда, оған тиісті реакция білдірмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Яғни баланы денесінде жарақат басқа да дүниені білсе тәрбиеші міндетті түрде балабақша басшысына хабарлауы керек. Бақша басшылығы құқық қорғау органдарына жеткізуі керек. Дәл осындай мектепке дейінгі мекемеде бүлдіршінге қатысты мәселені қарастырмағаны үшін қазір 71 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

