Ақтөбеде жатақхананың жайы жұртты алаңдатып отыр. Бұл жолы Рысқұлов көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары баспаналарын апатты деп тануды талап етті. «Ғимараттың инженерлік желілері әбден тозған», — дейді олар. Осыдан бір ай бұрын біз қаладағы тағы бір проблемалы жатақхана туралы хабарлаған едік. Онда бір аптаның ішінде үш рет өрт шықты. Тұрғындар қауіпсіздігіне алаңдап, өрттің себебін анықтауды сұраған еді.
Ал қазір Ақтөбеде ресми түрде апатты деп танылған көпқабатты үйлердің саны қырықтан асады. Рысқұлов көшесіндегі шағын отбасылық жатақхананың тұрғындары да сол тізімге енгізуді қалайды. Жертөледегі құбырлар әбден тозған. Бұған қоса, шатыр да ескірген. Жаңбыр жауса, су ғимараттың ішіне өтіп, электр сымдарының тұйықталу қаупін тудырады. 1974 жылы салынған ғимаратта 77 бөлме бар. Мұнда негізінен көпбалалы отбасы, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Қала әкімдігі тұрғындардан өтініш қабылданғанын хабарлады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: