Елімізде тауық жұмыртқасын сырттан әкелуге екі айға тыйым салынды. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келетін тауарларға да қатысты. Мұндай қадамның басты мақсаты – отандық құс фабрикаларын импорттық өнімнің бәсекесінен қорғау. Алайда бұл шешімнің екінші жағы да бар. Нарықта бәсеке азайса, баға құбылуы мүмкін. Жергілікті өндірушілер ішкі сұранысты толық жаба алмаса, жұмыртқа қымбаттап кету қаупі бар. Дегенмен тыйым транзиттік тасымалдарға және бұйрық күшіне енгенге дейін ресімделген немесе елге кіргізілген партияларға жүрмейді. Шектеу 13 қарашада күшіне енді. Халық ең көп тұтынатын өнімнің бірі қымбаттап кетпей ме деген алаң бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: